Фейк: Тоқаев пен Ломтадзе қазақстандықтар үшін жаңа жоба "ойлап тапты"
Тарап жатқан видеода Kaspi банк президенті және басшысы Михаил Ломтадзенің сөйлеген бейнежазбасы бар. Stopfake.kz мамандары видеоны дауыстауға актерлар қолданылғанын айтты.
"Видеоға президенттің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауының жазбасынан алынған үзіндісін қолданған. Бұның толық нұсқасы интернетте бар", - деп жазды басылым.
Михаил Ломтадзенің де тараған хабарламаға қатысы жоқ. Фейкті жасаушылар оның YouTube-тегі банктің ресми арнасы арқылы клиенттерге жариялаған үндеуін пайдаланған.
Сонымен қатар видеода танымал компаниялар мен атауларды пайдаланушыларды алдау үшін пайдаланатын Kaspi Profit деп аталатын алаяқтық брокерлік жобаның жарнамасы екенін көрсететін логотип бар.
Қорытындылай келе, бұл ақпарат алаяқтар жасаған фейк екені баса айтылады. Мұндай видеолар интернетте бір жылдан астам уақыт бұрын тарала бастаған. Мұны компания әлеуметтік желілердегі парақшасында да ресми түрде жоққа шығарды.
19 қазан күні кибералаяқтар Тоқаевтың видеосын жасауға AI пайдаланғаны туралы хабарланған еді. Содан кейін Stopfake.kz бұл видеоны онлайн деффакт детекторы арқылы тексеріп, бейненің нейрондық желі арқылы жасалғанын анықтады.