Желіде Италиядағы Этна жанартауы атқылаған сәттің бейнежазбасы тарады
ABS-CBN News сайтының жазуынша, Сицилиядағы Этна жанартауы жексенбі күні түстен кейін қайта атқылаған. Жанартау аспанға биік күл бағанасын атты, жанартау беткейлерінен лава өзендері ағып жатыр.
Go-Etna сайтының хабарлауынша, жанартау 12 қарашада жергілікті уақыт бойынша күндізгі үштер шамасында атқылай бастаған. Ол бірнеше күнге созылады деп болжанды. Жанартау атқылай бастаған алғашқы сағаттарда қатты гүріл естіліп, оның кратерінен лава атылды. Жергілікті уақыт бойынша шамамен 19:00-де Этна "тыныштала" бастады, жер асты дүмпулерінің қарқыны бәсеңдеді. Вулканологтар жанартау шамамен осы уақытта атқылай бастайтынын алдын ала біліп, халыққа алдын-ала ескерткендіктен Сицилияда дүрбелең болған жоқ.
Жанартау шаңы жағалаудағы бірнеше шағын қалаларды басып қалды. Осыған қарамастан, алдын ала мәлімет бойынша, жанартау елді мекендерге әзірге қауіп төндіріп тұрған жоқ. Жақын маңдағы Катания әуежайы 13 қараша күні таңертең қалыпты режимде жұмысын жалғастырды.