Шымкенттегі ауқымды операция: ұйымдасқан қылмыстық топтың 10 мүшесі ұсталды

Шымкенттегі ауқымды операция: ұйымдасқан қылмыстық топтың 10 мүшесі ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2023 11:53 Сурет: Zakon.kz
Шымкентте арнайы операция барысында бірнеше рет бопсалаумен айналысқандар ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның 14 қарашадағы есебінде айтылғандай, топ мүшелерінің жасы 20 мен 40 жас аралығында. Олардың көбі бұрын да бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

"Ұзақ уақыт бойы ұсталғандар қорқыту және физикалық күш қолдану арқылы екі жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалап, олардың BMW және БА3-2114 маркалы автокөліктерін иемденген. Тексеру барысында оқ-дәрілермен бірге төрт атыс қаруы, есірткі заттары және басқа да заттай айғақтар табылды".Шымкент қалалық Полиция департаменті

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, полицияға он адам жеткізілді. Оның ішінде топтың ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды.

"Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр".Шымкент қалалық Полиция департаменті
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: