Жаңалықтар тізбегі
0

Қандаланы улау: Марқұм балалардың әкесі мәлімдеме жасады

Дезинсекция, қандала улау, Ақтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2023 19:26 Сурет: pixabay
Ақтауда қандаланы құрту үшін пәтерін дәрілегендердің кесірінен көршінің екі баласы бақилық болды. Марқұм балалардың әкесі әлі әділдік іздеп сабылып жүр. Оның айтуынша, дезинсекцияға арналған препараттың құрамын анықтайтын сараптама әлі жүргізілмеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz мәліметінше, Жанболат Келмеденов екі жасар Мәриям мен 10 айлық Берекетінен айырылған. Ер адам қандаланы құрту үшін пәтерін дәрілегенін өздеріне ескертпеген көршісінің әлі де бостандықта жүргендігіне ашулы. Ол кінәліні кешіргісі жоқ әрі соттан әділдікті талап етеді.

"Полицейлердің аяқ-қолы жіпсіз байлаулы, өйткені қолдарында сараптама қорытындысы жоқ. Ондай Ақтауда жасалынбайды екен. Қорытынды да жоқ. Улаған препараттың құрамын анықтай алмауда. Әділеттілікті талап етемін. Біз екі баламызды жерледік, бұл оңай деп ойлайсыздар ма? Ал ана әйел әлі бостандықта жүр, өйткені оның кәмелетке толмаған баласы көрінеді", - деді Келмеденов.

Отағасы сол бір қайғылы күнді еске алудың өзі ауыр екенін айтады, бірақ бұл трагедия басқаларға сабақ болуы керек деп санайды.

"Кешке балалар құса бастады, біз олар бірдемеден уланып қалды деп ойладық, содан кейін дәрігерге қоңырау шалдық, ол балаларға "смекта" беріңдер деді. Содан мен дәріханаға барып келдім. Түнде бәрі жақсы болған секілді болды. Таңға жуық мен құса бастадым. Өзімізді әлсіз сезініп, қол-аяғымызды өздігімізден қозғалта алмадық, орнымыздан да тұра алмадық. Бір уақытта әйелім Берекеттің көгере бастағанын айтты, мен қатты шошып кетсем  керек, қалай атып тұрғанымды білмедім, баланы қолыма алып, далаға шықтым. Содан кейін Мәриям да көгере бастады. Жедел жәрдемге қоңырау шалып, бірақ хабарласа алмадым, содан соң полицияға байланысқа шықтым. Солардан көмек болды, олар өте шалт қимылдады. Балаларды көшеге алып шығуға көмектесті, жедел жәрдем, газ қызметін шақырды. Содан кейін олар пәтерде газдың иісі бар екенін айтты, бірақ біз оны сезбедік", – дейді жас жігіт.

22 октября в Актау после травли клопов в квартире одной из жительниц дома №14 в 7 микрорайоне отравилась семья. Двое детей погибли. Прокуратура Мангистауской области взяла уголовное дело под контроль.

Жанболат Келмеденов биліктен құрамында кісі өліміне әкеліп соғатын улы заттары бар қандаланы улаушы препаратты сатуға тыйым салуды сұрайды. Егер көршілер бұл жайтқа немқұрайлы қарамағанда, қайғылы жағдайдың алдын алуға болатынына ол бек сенімді.

"Көршіміз бізге бір ауыз сөз айтып, ескерту жасамады. Әйтепесе менің әйеліммен бірге олар бір чатта екен. ПИК бойынша. Егер біз білгенде, олар секілді балаларымызды алып басқа қауіпсіз жерге бара тұрар едік. Балаларым тірі қалар еді. Оған барынша лайықты жаза тағайындау керек деп санаймын", – дейді Ақтау тұрғыны.

22 қазанда Ақтауда 7 ықшам аудандағы №14 үй тұрғындарының бірінің пәтерінде қандаланы құру үшін жүргізілген дизинсекциядан кейін бүтін бір отбасы уланды. Екі бала қайтыс болды. Маңғыстау облысының прокуратурасы қылмыстық істі өз бақылауына алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: