Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға шақырды

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2023 12:12
Жыл басынан бері ағаштарды заңсыз кесу бойынша 100 қылмыстық іс қозғалған. Ал ағаштарды заңсыз кесу және тағы да басқа құқық бұзушылық фактілеріне куә болсаңыз, 102 нөміріне хабарласу керек. ҚР ІІМ азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатқа ұқыпты қарауға шақырды.

Елімізде жыл басынан бері полиция қызметкерлері ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау бойынша 100-ге жуық қылмыстық іс қозғады. Әкімшілік жауапкершілікке 119 адам тартылды, 9,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Заңсыз кесілген 600 текше метрден астам ағаш тәркіленді. Ағаштарды заңсыз кесу фактілері көбіне Алматы, ШҚО және Абай облысында тіркелген.

  • Мысалы, Қызылордада сексеуілді заңсыз кесу фактілері тіркелді. Полицейлер "Қызыл кітапқа" енген ағаштарды тасымалдаған тұрғынды ұстады. Бұл факті бойынша "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
  • Шығыс Қазақстан облысында 19 текше метр болатын балқарағай ағашын заңсыз кесу фактісі анықталды. Келтірілген залал сомасы 1,3 млн теңгеден асты.
  • Жақында Жетісуда болған жағдай – тағы бір мысал. Браконьерлер мыңға жуық кесілген ағашты сатпақ болған жерінде ұсталған.

Аталған фактілерге қатысты "Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер қомақты залал келтіру мен табиғи ресурстардың жойылуына байланысты осы бағыт бойынша қосымша күштер мен құралдарды тарта отырып, "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Операция барысында тәртіп сақшылары қоршаған ортаны қорғау органдарымен бірлесіп, ерекше қорғалатын аумақтарды, қорықтар мен ұлттық парктерді тексереді.

"Еске салайық, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. ӘҚБтК-нің 381-1-бабы бойынша санкция 50 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейінгі айыппұлды көздейді. Ал елеулі залал келтірілген кезде ҚК-нің 340-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады, ол 160 АЕК-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – деді ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Төлеубай Мұхамадиев.

ІІМ азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатқа ұқыпты қарауға шақырды.

"Егер сіз ағаштарды заңсыз кесу және тағы да басқа құқық бұзушылық фактілеріне куә болсаңыз, дереу 102 арнасына хабарлауды сұраймыз", - деп қосты министрлік.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: