Тұрғын үймен қамту жүйелі жүруде
Олардың ішінде кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 1 959, көп балалы отбасы, "Алтын алқа", "Күміс алқа", "Батыр ана", І және ІІ дәрежедегі "Ана даңқы" атағын алғандар – 3 763, әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататын азаматтар – 9 658 және мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілері – 6 638.
Мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізіміне тіркелген азаматтарға түгендеу жұмыстарын жүргізу бойынша электрондық жүйеге түгендеу қолжетімділігін орнату мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп жұмыс жүргізуде.
Мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізімін ашық түрде жариялау электрондық жүйе арқылы қарау және қадағалау бойынша арнайы "ZhilFondTaraz" мобилдік қосымшасы жұмыс істеуде. Одан бөлек кезек тізімі Тараз қаласы әкімдігінің ресми сайтында орналастырылған.
Бұдан бөлек соңғы үш жылда арендалық тұрғын үй есебінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан 1 795 пәтер берілген. Оларды Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айрылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер, көпбалалы отбасылар және әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарға жататын азаматтар алған.