Павлодарда дәмхана тұтынушылары жаппай уланды

Жедел жәрдем, улану, Павлодар, дәмхана, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2023 18:50 Сурет: Zakon.kz
19 қарашада 103 қызметіне шығыс өнеркәсіп аймағындағы дәмханалардың бірінде адамдардың жаппай уланғаны туралы қоңырау келіп түсті. Дәрігерлер оқиға орнына 8 минутта шұғыл жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, оқыс оқиға салдарынан 5 адам зардап шекті.

"27 және 40 жастағы екі ер адам №1 қалалық ауруханаға, 7 және 16 жастағы екі бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 62 жастағы тағы бір ер адам алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартты", – деді жедел жәрдем дәрігерлері.

Көміртегі тотығымен улану диагнозы қойылған зардап шегуші балаларды дәрігер тексерді, олар ауруханаға жатқызуды қажет етпеді. Екеуі де амбулаториялық деңгейде ем қабылдау үшін үйлеріне жіберілгені нақтыланады.

Бұған дейін екі бала Шығыс Қазақстан облысының ауылдарының бірінде ыс тиіп, ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын. Оған себеп - пештің дұрыс болмауы. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: