Ақтөбеде 20 жастағы есірткі жасырып кетушілер ұсталды

Ақтөбеде есірткі жасырып кетушілер ұсталды.
Ұсталғандар – облыс орталығының 20 жастағы екі тұрғыны.
Олардың біреуінен полиэтилен пакет тәркіленді. Оның ішінде болжам бойынша, 186 дана орамша, салмағы 500 грамм мефедрон, кеңсе пышағы, 8 дана изолента, zip-пакеттері және электронды таразы бар.
ІІМ хабарлауынша, ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript