Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда екі жасөспірім егде жастағы әйелді балтамен ұрып өлтіріп, саусағын кесіп тастаған – сот үкімі шықты

Қостанай, зейнеткердің өлімі, балта, неке жүзігі, жасөспірім қылмыскер, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2023 15:11 Сурет: Zakon.kz
Қостанайда 21 қарашада сот кәмелет жасқа толмаған Сергей Васюренко мен Әлішер Әбуевке үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Наша газета" басылымының жазуынша, айыпталушылар үш бап бойынша айыпталған, оның ішінде ең сорақысы зейнеткерді өлтіргені болды.

2023 жылдың 23 ақпанында кешке балтамен қаруланған Васюренко мен Әбуев зейнеткер Людмила Гришинаны тонамақ болып келіскен.

Олар алдын-ала жоспар құрып алған, сол жоспар бойынша Әбуев зейнеткердің үйіне қоршаудан секіріп кірген, ал Васюренко қақпаны қағып, зейнеткерді сөзге тартқан. Ол сөйлесіп болған соң кетіп бара жатқандай кейіп танытқан. Әбуев балтамен зейнеткердің маңдайынан бір ұрған, одан кейін тағы үш рет соққы жасаған, егде кісі сол жерде тіл тартпай кеткен. Үйден телефон мен 40 000 теңгеге жуық ақшаныұрлап шыққан сотталушылар кетерінде үйге от қойған.

Әбуев кетер алдында мерт болған зейнеткердің қолынан екі алтын неке жүзігін байқап қалған. Жүзіктерді ала алмаған соң ол әйелдің сол қолының екі саусағын кесіп тастаған.

Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Олар 11 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын кәмелетке толмағандарға арналған орташа режимдегі колонияда өтейді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: