Алматыдағы құрылыс нысандарында шетелдік жұмыс күші анықталды

"Құқықтық тәртіп" кең ауқымды іс-шарасы барысында Алматы полициясы шетелдіктердің Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын сақтауын тексеру мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Шетел азаматтары шоғырланған жерлерге назар аударылды: құрылыс нысандары, қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, хостелдер және т.б. Іс-шараның бірінші күнінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 79 шетелдік: Өзбекстаннан – 45, Түркиядан – 5, Нигериядан – 3 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ПД-нің қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 59 шетел азаматы орналастырылды.
Сондай-ақ шетелдіктерді қабылдаған 18 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript