Оралда қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше рейс тоқтатылды

Рейс, Эйр Астана, Орал, қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2023 20:41 Сурет: Zakon.kz
Оралда үздіксіз жауған қар мен қатты желге байланысты Air Astana рейстерін тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, Орал – Франкфурт – Орал және Орал – Астана бағыттары бойынша авиарейстер, сондай-ақ Алматыдан Оралға және кері рейстер тоқтатылды.

Әуе компания аталған рейстердің жолаушыларына тамақ, тегін брондау немесе билетті қайтару ұсынылғанын атап өтті. Орал – Астана рейсінің жолаушыларына тұратын орын, тамақ және трансфер берілді.

"Air Astana компаниясы рейстердің кешігуі туралы ақпарат алу үшін жедел желі: +7 7272 44 4478 арқылы хабарласуды сұрайды. Сондай-ақ әуе компанияның ресми сайтында рейстердің мәртебесін тексеруге болады", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 24 қарашада еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: