Орал әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше рейс тоқтатылды

Рейс, Орал қаласы, әуежай. тоқтату, қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2023 21:55 Сурет: pixabay
Қолайсыз ауа райына байланысты FlyArystan әуе компаниясы төрт рейсті тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компаниядағылар нақтылап өткендей, қатты желге байланысты Орал қаласы әуежайында келесі рейстер тоқтатылды:

  • KС7265 Ақтау-Орал,
  • КС7266 Орал-Ақтау,
  • KС7165 Алматы-Орал,
  • КС7166 Орал-Алматы.
"Барлық жолаушыға бір реттік тегін қайта брондау немесе қолма-қол ақшаны толықтай қайтару мүмкіндігі ұсынылады", делінген хабарламада.

Бұған дейін Астанада және еліміздің 13 облысында 25 қарашада дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: