Жаңалықтар тізбегі
0

Қолайсыз ауа райына байланысты FlyArystan-ның бірнеше рейсі тоқтатылды

Рейс, FlyArystan, Астана, Қарағанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2023 14:14 Сурет: Zakon.kz
Астана мен Қарағандыда ауа райының қолайсыздығына байланысты FlyArystan әуе компаниясының жалпы 8 рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласында ауа-райының қолайсыздығына (қалың қардың түсуіне) және de-icing рәсімін жүргізу мүмкін болмауына, сондай-ақ қар тазалау қажеттілігіне орай Астана әуеайлағының 06:00-ге дейін жабылып, келесі рейстерді орындау мүмкін болмай тұр:

  • KC7307 Астана-Шымкент 30 желтоқсан
  • КС7308 Шымкент-Астана 30 желтоқсан
  • КС7053 Алматы-Астана 30 желтоқсан
  • КС7058 Астана-Алматы 30 желтоқсан
  • КС7341 Астана-Қостанай 29 желтоқсан
  • КС7342 Қостанай-Астана 29 желтоқсан

Сондай-ақ, Қарағанды қаласында ауа райының қолайсыздығына (қатты қар жауыны мен жел, жеткілікті көріністің жоқтығы) және de-icing рәсімін жүргізу мүмкін болмауына байланысты келесі рейстер орындалмайды:

  • КС7123 Алматы-Қарағанды 29 желтоқсан
  • КС7124 Қарағанды-Алматы 29 желтоқсан

Аталған рейстердің барлық жолаушыларына сусындар беріліп, билеттерді тегін қайта брондау немесе билеттерді толықтай қайтару ұсынылды.

Айта кетсек, 30 желтоқсанда Астана халықаралық әуежайының әуеайлағы уақытша жабылып, 27 рейс уақытынан кешігіп жатқаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: