Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе тергеушілері балабақшадағы бүлдіршіндердің соққыға жығылғаны туралы ақпаратты тексере бастады

Ақтөбе тергеушілері балабақшадағы бүлдіршіндердің соққыға жығылғаны туралы ақпаратты тексере бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2023 00:21 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде жекеменшік балабақша төңірегінде жанжал шықты. Бірнеше ата-ана балаларының мекемеде соққыға жығылғанын мәлімдеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балабақша тәрбиеленушілерінің ата-анасының айтуынша, кіші топтың бірнеше баласы балабақшадан денесі көгеріп қайтқан. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

"15 қараша күні ол үйге арқасы кесілген және көгерген күйде келді. Оны ұрып-соққан, мен бұған сенімдімін, дәлелім бар. Ал қызымды асүйде ең көбі 5 сағатқа қамап отырған. Менің балам ғана емес,  олар ара-тұра екі-үш баланы қамап отырған екен", - деді ата-ана Әсел Хайдолла.

Құқық қорғау органдары қазірдің өзінде ата-аналардың шағымын қарап жатыр.

"Қызым үйге басы көгеріп келді. Сұрасам, мұғалімдер оның басынан ұрғанын айтты. Сосын арқасында екі сызат бар. Бейнебақылау камерасынан видео сұрасам, маған ештеңе көрсетпеді. Бұл балабақшаны жауып, лицензиясын алып тастауды, ал педагогтердің жауапқа тартылуын талап етемін", - деп қосты тағы бір ата-ана Арайлым Әбдіғаппарова.

Полиция "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Білім басқармасы балабақша тексерілетінін хабарлады: оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: