Қостанай облысында мектептер қашықтан оқытуға көшті

Қостанай облысында мектептер қашықтан оқытуға көшті, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2023 13:56 Сурет: primeminister.kz
Қостанай облысының бес ауданындағы бірнеше мектеп бірінші ауысымдағы оқушыларды қашықтан оқытып жатыр. Оған көктайғақ себеп болды.

Әсіресе Майлин, Қарабалық, Денисов аудандарында оқушылар мектепке бармады. Онлайнға көшкен барлығы 25 білім ордасы. Аймақтағы басқа мектептерде сабақ әдеттегідей өтеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал Батыс Қазақстан облысына қарасты Жаңақала ауданының екі ауылында әлі электр қуаты қосылған жоқ. Бестерек және Аққұс елді мекендерінде 44 абонент үш күннен жарықсыз бері отыр.

Өйткені жол балшық болып, арнайы техника далада үзілген электр желісіне жете алмай, батып қалған. Енді жер қатып, жол дұрысталған соң, апатты бригада желіні қалпына келтіреді.

Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығынан демалыс күндері өңірде мыңнан аса абонент жарықсыз қалған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: