Вандалдар Атыраудың орталығындағы шахмат фигураларын бүлдірді
Сурет: pixabay
Полицейлер Исатай мен Махамбет атындағы алаңда тұрған шахмат фигураларын сындырған бұзақыларды анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау қаласы тұрғындарының бірі бұзақылық әрекетінің салдарын видеоға түсіріп алған. Шахмат фигураларына зақым келтірген бұзақылар екі жасөспірім болып шықты.
Жауапкершілікке кәмелетке толмаған балалардың ата-анасы тартылды, деп жазады AtPress.kz.
"Бұл оқиға бойынша екі жасөспірім анықталды. Олардың ата-анасы ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлады полицейлер.
Қарағанды облысында араб тұқымды бәйге атын ұрлап, соғымға сойып алған күдіктілер ұсталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript