Жол-көлік апаты салдарынан Алматыға кіре берісте үлкен кептеліс пайда болды
Сурет: Zakon.kz
Куәгерлердің айтуынша, BMW X5 автокөлігі Құлжа тас жолымен қалаға қарай батыс бағытта қатты жылдамдықпен келе жатқан.
Бір уақытта жүргізуші тізгінге ие бола алмай, көлік қарсы жолға шығып кеткен.
Қарсы бағытта ол Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.
Күшті соққыдан Toyota көлігінің алдыңғы дөңгелегі ұшып кеткен. Ал көлік жол жиегіне шығып кеткен. Ал дөңгелегі Mazda 6-ға қарай ұшқан.
Ал сол күйі тоқтай алмаған BMW Mercedes-Benz E-Class көлігімен соқтығысқан, ол көліктің де дөңгелегі ұшып кеткен. Соққыдан Mercedes жолдың жиегіне шығып қалған.
Сонан соң BMW қайтадан қалаға қарай жүретін жолаққа шығып, ол тағы бір Mercedes-ті қуып жеткен.
Апат салдарынан BMW көлігінің жолаушысы мен Mercedes көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Барлығы шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.
Шығыс бағытта үлкен көлік кептелісі пайда болды.
Оқиға орнында жол полициясы жұмыс істеп жатыр.







