Жаңалықтар тізбегі
0

Алаяқтар рудныйлық зейнеткерден екі миллион теңге талап еткен

Рудный, алаяқ, алаяқтық схемасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 00:51 Сурет: polisia.kz
Қаскөй өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, зейнеткерден 680 мың теңге алмақ болған. Олардың бұл әрекетіне жергілікті дүкеннің әкімшісі мен полиция қызметкерлері тосқауыл қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зейнеткердің сөзінше, алаяқтар оған 24 қараша күні таңертең қоңырау шалған.

"Ер адам өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, біреу менің есепшотыма несие рәсімдемек болғанын, күдікті операцияның алдын алу үшін қаражат қажет екенін айтып, 2 миллион теңге сұрады", – дейді қарт әйел.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі әжей бастапқыда бас тартып, алаяқтық схемалары туралы білетінін айтқанын атап өтті. Бұған қоса ол қызына телефон соғып, екеуі жұмыс күні банкке баруға келіскен, бірақ қылмыскерлер әйелді несие алуға көндірген.

"Олар 2 миллион сұрады, бірақ мен бұрын несие рәсімдеп көрмегендіктен, банк маған 680 мың теңге ғана мақұлдады. Осы ақшаны алып маған терминалдардың біріне баруым керек екенін айтты. Олардың телефон арқылы айтқаны бойынша мен купюраларды сала бастадым", – деді зейнеткер.

Териналға ақша салып тұрған қарт кісіге дүкен әкімшісінің көзі түседі. Ол купюра қабылдағышты қолымен жауып, алаяқтармен байланысты үзіп, полиция шақырған. Зейнеткер полиция бөлімшесінде өз-өзіне келіп, дүкен әкімшісі мен полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: