Жаңалықтар тізбегі
0

"Бурыл" алқабындағы он үш көшеге асфальт төселді

"Бурыл" алқабындағы он үш көшеге асфальт төселді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 11:00 Сурет: Тараз қаласы әкімдігі
Биыл Тараз қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Әсіресе, талай жылдан бері жол игілігін сезінбеген алқаптар айрықша назарда.

"Бурыл" алқабы тұрғындарының да көптен бергі тілегі жол құрылысы болатын. Өйткені бұл алқапқа халық қоныстанғалы бері бірде-бір асфальт төселмеген. Енді, міне, көптің тілегі орындалып, алқапқа тақтайдай тегіс жол төселуде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 11:00

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі

Жоба бойынша асфальт жол жабындысын төсеу жұмыстарында 33,7 шақырым, яғни "Бурыл А,Б,В" тұрғын алқабында 75 көше асфальт жабындысын төсеу қарастырылған. Биыл тұрғындар сұранысына орай, қоғамдық көлік жүретін негізгі 5 көшені асфальттау жоспарланған еді. Ауа райының қолайлығына байланысты 13 көшеге асфальт төселді. Құрылыс мердігері – "Арайстроймаркет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

асфальт, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 11:00

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі

Қазір құрылыс басында жиырмаға жуық техника, қырықтан аса жұмысшы күн-түн демей жұмыс жасауда. Мердігер мекеменің сөзінше, ауа райы қолайлы болса, қалған көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жалғасады. Ал күн райы тиісті температурадан төмендейтін болса, жұмыстар тоқтатылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 11:00

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі

Дегенмен, келер жылы қалған көшелерге асфальт жабындысын төсеу көзделуде. Осылайша бурылдықтардың жол азабынан құтылар күні жақын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 11:00

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: