Қазақстанда сегізінші сынып оқушысы өгей әкесінен жүкті болып қалды: Оқу-ағарту министрлігі түсініктеме берді
Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында оқушы қыз жүкті болып қалды. Қыздың өгей әкесі күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, қыздың жүкті екені 2023 жылғы 21 қарашада белгілі болған.
"Қыздың дене бітімі мен мінез-құлқындағы өзгерістерді бірінші болып мектеп мұғалімдері байқаған. Кәмелетке толмаған баланың анасы хабардар етілді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті – өгей әкесі қамауға алынды". ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Комитет өкілдерінің мәліметінше, зардап шегуші үйде қашықтан білім алып жатыр.
"Оған педагог-психолог пен мектеп тарапынан көмек көрсетіледі".ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Бұған дейін кәмелетке толмаған бала жүкті болып қалғаны үшін мектеп директорына, орынбасары мен сынып жетекшісіне қатаң сөгіс жарияланған. Бүгін білім беру ұйымының қызметкерлеріне заңсыз қолданылған тәртіптік жаза алынып тасталғаны мәлім болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript