"АрселорМиттал Теміртау" ресми түрде QARMET-ке айналды
QARMET Telegram арнасының ақпаратына сәйкес, "АрселорМиттал Теміртау" енді ресми түрде QARMET деп аталады.
Хабарламада Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың еңбек ұжымына QARMET-тің жаңа инвесторын таныстырғаны жазылған.
Сурет: Telegram/qarmet_news
Сондай-ақ Талғат Темірханов QARMET-тегі Qazaqstan Steel Group акционерінің ресми өкілі болып тағайындалғаны айтылған.
Еске салсақ, қазақстандық Qazaqstan Steel Group (QSG) компаниясы бұрынғы ArcelorMittal Temirtau кәсіпорындарының инвесторы болды.
2023 жылғы 8 желтоқсан күні Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы ArcelorMittal Temirtau және ArcelorMittal Tubular Products Aktau-ды беру жөніндегі келіссөздер аяқталғаны белгілі болды.