Өскеменде бір жасар бала көлік ішінде қамалып қалған
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өскеменде Гагарин бульвары көшесінде Chevrolet Nexia маркалы көлігінің есігі абайсызда жабылып қалған. Көлік ішінде қалып кеткен бір жасар сәбидің анасы құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына шұғыл жеткен ШҚО ТЖД жедел құтқару жасағының құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен көліктің есігін ашып, "тұтқындағы сәбиге" көмектесті.
"Құтқару операциясы кезінде анасы баласының қорқып, жыламасы үшін көңілін басқа жаққа бұруға тырысты. ШҚО ТЖД ата-аналарға қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Мұқият болып, балаларды бір сәтке болса да қараусыз қалдырмауды сұрайды". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз
Назарбаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript