Жаңалықтар тізбегі
0

Риддерде төтенше жағдай орын алып, арнайы комиссия құрылды

Төтенше жағдай, Риддер, өзеннің тасуы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2023 10:31 Сурет: видеодан алынды
Риддер қаласы ішімен өтетін Хариузовка өзені 8 желтоқсанда түнде арнасынан асып, екі үй мен алты ауланы су басты. Жедел штаб құрылып, түннен бері жұмыс жасап жатыр. Кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы қала әкімі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мамандар баспаналар мен аулаға жайылған су сорылғанын, енді үйдің іргетасын кептіру керектігін айтады. Қала басшысының айтуынша, бұл жағдайға жергілікті су электр станциясының қоймадан шамадан тыс су босатуы себеп болуы мүмкін. Қар мен қатқан мұз да кесірін тигізіп, соңы осындай жағдайға ұласқан. Бастысы қазір қауіп сейілді, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Бұл дерек бойынша комиссия толыққанды тексеру жүргізетін болады. Кінәлі тараптар нақты анықталса, заңға сай жауапкершілікке тартылады. Қазір тұрғындарға қауіп жоқ. Олар эвакуациялық пункте барудан бас тартты. Су деңгейі төмендеді. Енді шығын көлемі есептеліп жатыр". Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: