Жаңалықтар тізбегі
0

ТЖМ аяздың әсерінен де көлікте өрт тууы мүмкін екенін ескертті

Көліктегі өрт, ТЖМ, ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2023 19:57 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі күн күрт суыта бастағаннан-ақ көліктердің өртену жағдайы жиілейтінін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жүргізушілер, әдетте аязды күндері көлігін қыздырған кезде қауіпсіз жабдықтарды пайдалана бермейді. Күн суытқанда көліктің электр жабдықтарының жағдайына көңіл аударып, мұқият болу керек. Қосымша жабдықтарды орнатуда кәсіби мамандар қызметіне жүгінген дұрыс", делінген ведомство хабарламасында.

ҚР ТЖМ мәліметінше, жыл басынан бері елімізде көлік құралдарында 2 014 өрт тіркелді.

Көлік құралдарында өрттердің пайда болуының негізгі себептері:

  • автокөлік құралының электр жабдығын орнату және пайдалану қағидаларын бұзу;
  • газ жабдығын орнату;
  • отын және электр жүйесінің ақауы;
  • қозғалтқыштарды ашық от көздерімен жылыту болып табылады.

ТЖМ көлікте өрттің алдын алу үшін азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады:

  • суық мезгілде қозғалтқышты жылыту үшін ашық от көздерін пайдаланбаңыздар және машинада электр жабдықтарын өз бетінше жөндемеңіздер;
  • көліктің сымдары мен жанармай жүйелерін мүмкіндігінше жиі тексеріңіздер;
  • автокөлікті өз бетінше жөндеу және пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының қарапайым ережелерін сақтаңыздар;
  • егер сіздер жолда бықсыған иісті сезсеңіздер, дереу тоқтап, оттықты, мүмкін болса, аккумуляторды да өшіруіңіздер;
  • өртті бастапқы кезеңде сөндіргішпен сөндіруге тырысыңыздар;
  • өрт кезінде "101" немесе "112" телефондары арқылы хабарлаңыздар, оқиға орнының нақты мекенжайын көрсетіңіздер және өрт сөндірушілердің келуін күтіңіздер.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: