Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысында қолайсыз ауа райына байланысты 15 автокөлік жолда қалып кетті

Автокөлік, жол, қолайсыз ауа райы, Абай облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2023 20:48 Сурет: freepik
Абай облысында қолайсыз ауа райына байланысты 15 автокөлік жолда қалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолайсыз ауа райы кезінде Абай облысының республикалық және жергілікті маңызы бар трассаларында ауыр жүк көліктерінің бұзылу жағдайы жиілеуде. Мұның себебі – көлік отыны. Дизель отыны бар көліктер үшін елдімекендерден тыс жерлерге шығуға мүлдем тыйым салынады. Бұл күндері полицейлер аязға байланысты оқиғаларды болдырмау үшін патрульдеу мен жол мониторингін күшейтті.

"Облыста қатты аяз басталғаннан бері барлығы 15 жүргізушіге көмек көрсетілді. Қызмет өткеру кезінде тәртіп сақшылары облыстың трассаларын әртүрлі бағыттарда тексере отырып, трассада жанармай багы қатып қалған жүргізушілермен мезгіл-мезгіл кездесіп тұрады. Көптеген жүргізушіге полиция қызметкерлері көліктерді жылыту және эвакуациялау үшін техникалық көмек көрсетті, өйткені аязда қолайсыздығында жолдарда қалу өте қауіпті", делінген хабарламада.

Бүгін ғана, 12 желтоқсанда Аягөз ауданында жол қозғалысының бірнеше қатысушысына полицейлердің көмегі қажет болды. 922-шақырымда патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Chaniа жүргізушісіне көмектесті, ол аязды күні жолда қалуға мәжбүр болды. Келген полицейлер жақын маңдағы елді мекеннен жанармай жүйесін жылыту бойынша мамандарды шақырды, ал жүргізуші полицейлердің көлігінде көмекшілерді күтті.

Алматы – Өскемен тас жолының 945-шақырымында дизель отыны бар тағы бір фура сол бағытта қозғалысты жалғастыра алмады. Полиция қызметкерлері дер кезінде көмек қолын созды. Бұл бағыттағы жұмыс Абай облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Қатты суыққа байланысты полицейлер автокөлік жүргізушілеріне сапарларын шектеуге кеңес береді.

Айта кетсек, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бүгін еліміздің 11 облысындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеулер енгізілгенін хабарлады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: