Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанға бет алған қырғыз азаматтарына қатысты ескерту жарияланды

Боран, Қазақстан, Қырғызстан, шекара, Бішкек-Алматы тас жолы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2023 18:54 Сурет: unsplash
Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) Шекара қызметінің Ақпарат және коммуникациялар басқармасы Қазақстанға сапарлайтын өз азаматтарына арналған маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР МҰҚК Шекара қызметі Ақпарат және коммуникациялар басқармасы мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ учаскесіндегі өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын жеткізді. 

"Алайда, Қазақстан территориясында ауа райының нашарлауына, яғни Жамбыл облысында қар ұшқындап, боран борап, айналаның көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты Бішкек – Алматы халықаралық трассасында көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді", делінген 2023 жылы 14 желтоқсанда Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Telegram-арнасында жарияланған үндеуде.

Қазақстанға Қырғызстаннан ағылған жүк көліктері жүргізушілерінің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында ҚР МҰҚК Шекара қызметі мыналарды ұсынады:

  • жолдың әртүрлі учаскелерінде ұзақ тұрып қалуға дайын болу;
  • қажетті заттар (азық-түлік, жылы киім-кешек, су және жанар-жағармай қоры) қорын өзімен бірге алып жүру.
"Бұдан бөлек, қозғалыс қайта жанданғанда Қазақстаннан қырғыз тарапына көлік құралдарының үлкен ағыны болуы мүмкін", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Түркістан және Жамбыл облыстарындағы республикалық трассаларды тазарту шаралары қажетті деңгейдегі нәтижені бермей жатқанын, өйткені жаңа ғана тазартылған жолдарды қар қайтадан бірден басып қалып жатқанын айтқан болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: