"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды
Сурет: pixabay
Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде жылу жағдайына қатысты дауыстық хабарлама тарауда. Онда ер адам жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты пәтердегі жылу температурасы күрт төмендеуі мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ көршілерін суық күнге дайындала беруге шақырған дауыстық хабарлама авторы бұл ақпаратты туысының бірі бастығынан естіп-білгенін де жеткізеді. Алайда Екібастұздағы жылу беретін кәсіпорын бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды әрі оның Екібастұзға еш қатысы жоқ. Екібастұздағы жылу желілерінің температуралық және гидравликалық режимі белгіленген параметрлерге сай жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз. Станция жабдықтары мен жылу желілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр."Екібастұзжылуэнерго" ЖШС
Сондай-ақ кәсіпорын басшылығы көпшілікті тек сенімді ақпаратқа сенуге және жалған хабарламалар таратпауға шақырады.
Бұған дейін Энергетика министрлігі Риддер және Екібастұз қалаларындағы ЖЭО-да температуралық режим толықтай қалпына келтірілгенін мәлімдеген болатын. Ведомствоның мәліметінше, 265 үй жылусыз қалған Ақтауда ғана жұмыстар жүргізіліп жатыр, қазір оның 120-сы жылуға қосылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript