Сарапшылар "Ливерпуль" "МЮ" қақпасына жойқын шабуыл жасайды деп санайды
"Ливерпуль"
"Скаузерлердің" АПЛ-дағы жағдайы керемет: тұрақтылық, голдарды сәтті іске асыру және қарсыластарының қателіктері Клопп бандасын лиганың шыңына шығарды. Еуропа Лигасында да сәтті өнер көрсетті, олар күтілгендей 1/8-ге шықты. Бұл жетістік командада жарақаттар тізбегі болмағандығының арқасы екендігін білдіреді.
"Энфилд" – "Ливерпульдің" өз ойын алаңы мен күш-қуат алатын мекені. Бұл команданы өз стадионында ешқандай кедергі тоқтата алмайды. Яғни, "скаузерлер" шайқастың алғашқы минуттарынан бастап " МЮ " қақпасына қарай бет алып, шабуылдайды (әсіресе Онанаға оңай болмас). Parimatch сарапшылары "скаузерлер" кем дегенде 3 гол соғатынына (xG) сенімді және бұл үшін 2.07 коэффициентін ұсынады.
"Манчестер Юнайтед"
Қараңғы түнек пен үмітсіздік – қазір "қызыл сайтандардың" жанкүйерлері осындай сезімде. Иә, "Челсиді" жеңуі (2:1) керемет болды, Тен Хаг бандасы АПЛ-да 6-шы орында келеді, алайда кейін команданың алдын қара мысық кесіп өткендей, сәтсіздіктер легі бастау алды. Алдымен "Юнайтед" Борнмуттан" (0:3) жеңіліп, содан кейін "Баварияға" (0:1) еріксіз жол беріп, еурокубоктардан шығып қалды. Жексенбідегі шайқаста сәтсіздік легі жалғасын табады ма, оны осы текетірестен білетін боламыз.
Расмус Хойлунн Чемпиондар Лигасында "сайтандар" үшін жарқыраған ойын көрсетіп келді, бірақ АПЛ-да гол жаудырған жоқ. Еурокубоктарға күш жинаудың қажеті болмағандықтан, неге басты қарсыласқа гол соқпасқа? Міне, Parimatch сарапшылары да солай ойлап, Хойлуннголына 3.50 коэффициентін ұсынуда.
Аналитика мен болжам
"Ливерпуль" - бұл ойынның айқын фавориті. Ол мықтырақ, тұрақты және шайқас өз ойын алаңында өтеді. Сарапшылар да "скаузерлердің" жеңісіне сенімді: оларға 1.32, "Ман Юнайтедке" 8.70 коэффициенттерін ұсынуда. Бірақ "қызыл сайтандарды" бағаламауға тағы болмайды, олардың сәтсіздіктер легі тым ұзаққа созыла бермес. Сарапшылар "МЮ" 2 доптан артық ұтылмайды деп санап, мұндай нәтижені 2.05-ке бағалаған.