Жаңалықтар тізбегі
0

Сарапшылар пікірінше, "Галатасарай" мен "МЮ" матчындағы алғашқы гол ойын басында болмақ

Париматч болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 17:36 Сурет: parimatch.kz
"Ман Юнайтед" және "Галатасарай" арасындағы өткен шайқас әсерге және күлкілі сәттерге толы болған. Стамбулдағы матч қалай өтеді - оны Parimatch сарапшыларымен талқылайық.

"Галатасарай"

Түркия чемпионатында команданың жағдайы жақсы: "арыстандар" Суперлигадағы бірінші орынды "Фенербахчемен" бөлісіп отыр. Бірақ Чемпиондар лигасындағы жағдайы мәз емес - "МЮ" - ді жеңді, бірақ "Бавария" екінші ойында стамбулдықтар қаншалықты тырысса да, бәсекелестікке жол бермеді. Осыған "Копенгагенмен" өз ойын алаңындағы тең нәтижелі текетіресін қоссақ, плей-оффқа өте бұлыңғыр мүмкіншіліктері бар екенін көруге болады.

"Арыстандардың" негізгі қаруы - Мауро Икарди: аргентиналық спортшының Түркияда екінші жастық шағы жанып, голдарын жаудырып жатыр. Parimatch сарапшылары Мауроның кем дегенде бір допты соғатынына сенімді: осы нұсқаның коэффициенті 2.55-ке тең.

"Манчестер Юнайтед"

АПЛ-да "қызыл сайтандардың" жағдайы түзелді: қатарынан 3 жеңіс, ал соңғысында "Эвертонды" 3:0 есебімен тас-талқанын шығарды. Бірақ Чемпиондар лигасындағы жағдайы көңілге қаяу түсіреді: жалпы шабуылы нашар емес болған күннің өзінде - бір жеңіс, 3 жеңіліс. Андре Онананың "Бавария" және "Галатасараймен" шайқастарындағы жасаған ерліктері туралы ұзақ уақыт бойы аңыздар айтылады. Бақыттарына орай, қазір камерундық қақпашы өз-өзіне келді.

"Копенгагенмен" және "арыстандармен" бірінші ойында "Юнайтед" қарсыластар қақпасын ойрандап, жылдам голдар соғып отырған. Сарапшылар бұл жолы да солай болатынына сенімді, өйткені "сайтандар" топтан шығу мүмкіндігіне ие болу үшін қара терге түсулері керек болып отыр. "Ман Юнайтед" 1-ден 15 минутқа дейін гол соғады" нәтижесі 4.50-ге теңестірілген.

Аналитика мен болжам

Екі команда да қалай болса да, жеңіске жетуі тиіс, сонымен қатар "арыстандар" "Олд Траффордта" жеңіске жетті. Бірақ мәртебесі мен лигадағы деңгейіне байланысты "Манчестер Юнайтед" фаворит болып көрінеді: оның жеңісіне 2.50 коэффициенті, ал "Галатасарайға" 2.65 коэффициенті ұсынылған. Алайда, жеңіс оларға оңайшылықпен келмейтіні сөзсіз, қанша дегенмен "сайтандар" қонақ алаңында ойнайды емес пе? Сарапшылар "екеуі де 3.5-тен көп гол/тотал" нәтижесін 2.55-ке бағалап отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: