Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында екі баланы құтқарған өрт сөндіруші марапатталды

Өрт, Ақмола облысы, өрт сөндірушілер, марапаттау, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2023 10:38 Сурет: pixabay
Степногорск қаласында өрт сөндіруші Қанат Асқаров пен Асқар Әлжанов өртеніп жатқан пәтерден кішкентай қыз бен ұл баланы аман-есен алып шықты. Құтқарушыларға мемлекеттік награда әрі жергілікті кәсіпкерлер тарапынан қомақты сыйлық табыс етілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желтоқсан айының басында Степногорск қаласында өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден кішкентай қыз бен ұл баланы құтқарған. Сол құтқару кезінде бөлімше командирі Қанат Асқаров пен 3-МӨСБ аға инженері Асқар Әлжанов ерекшеленді.

Балаларды төменнен қабылдаған Асқар Әлжанов өртті сөндіру кезінде ұялы телефонын сындырып алған. Мұны назардан тыс қалдырмай, Көкшетау қалалық дүкендерінің бірі оған жаңа IPhone және Түркияға жолдама сыйлаған болатын.


Балаларды терезеден тікелей шығарған Қанат Асқаров Төтенше жағдайлар жөніндегі мнистрі Сырым Шәріпхановтың бұйрығымен "Құтқарушы" төсбелгісімен марапатталды.

"Бізді көп адам батыр деп санайды. Бірақ біз өз жұмысымызды орындадық деп ойлаймыз. Біздің орнымызда әрбір өрт сөндіруші осылай істейтін еді", - деп атап өтті Қанат Асқаров.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: