Түркістан және Жамбыл облыстарының жолдарында 5 мыңнан астам адам қалып кеткен

Құтқару жұмыстары, Түркістан, Жамбыл облысы, тас жолда қалып кеткен көліктер, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2023 11:52 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Түркістан және Жамбыл облыстарында қабылданған шаралардың арқасында қар құрсауында қалған автокөліктерден 5000-нан астам адам құтқарылды және эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігінен, Қазавтожол, жергілікті атқарушы органдардан 450-ден астам адам және 230 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар өзара іс-қимыл шеңберінде көмек көрсету үшін келген Қырғызстан ТЖМ-нің 42 құтқарушысы мен 8 бірлік техникасы тартылды.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістан облысындағы авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға ТЖМ бөлімшелерінен, жол қызметтерінен, полициядан және жергілікті атқарушы органдардан 450-ге жуық адам мен 140 бірлік техника жұмылдырылды.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Жетісу облысының жолдарында 70-тен астам адам құтқарылды.

"Қазіргі уақытта Жамбыл, Түркістан , Абай және Жетісу облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде және облыстық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық". ҚР ТЖМ

Қар құрсауында қалған көлік, Жамбыл облысы, ТЖМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2023 11:52

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Республикалық және өңірлік деңгейдегі жедел штабтардың жұмысы жағдай толық тұрақталғанға дейін жалғасатын болады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: