Шымкент қаласының әкімі "Фосфоршылар" сарайындағы қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді
Сурет: Instagram/gabit_syzdykbekov
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков "Фосфоршылар" мәдениет сарайында болған қайғылы оқиға жөнінде айтты. Онда ғимараттың бір бөлігі опырылып, студент көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, бірнеше студент "Фосфоршылар" сарайына кірген.
"Алдын ала ақпарат бойынша, жігіттердің бірі екінші қабатқа көтерілген кезде төбенің бір бөлігі құлап, үйінділердің астында қалған. Арнайы техниканың көмегі және құтқарушылардың күшімен жас жігіттің денесі үйінділерден шығарылды", – деп жазды Ғабит Сыздықбеков 2023 жылғы 19 желтоқсанда Instagram парақшасында.
Қала басшысының сөзінше, оқиға болғанға дейін ғимараттың айналасында ескерту таспалары тартылып, полиция патрулі жақын жерде кезекшілік еткен.
"Бұл шаралардың барлығы апаттың алдын алу мақсатында жасалған. Қазіргі кезде аталған ғимараттың аумағында полиция экипаждарынан посттар қойылды". Ғабит Сыздықбеков
Қайғылы жағдайға байланысты әкім ата-аналарды бос тұрған объектілерге, құрылысы жүріп жатқан, сондай-ақ қайта құру сатысындағы нысандарға бармау туралы балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript