Тас жолда болған жол апатынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты

Шымкент-Самара тас жолы, жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2023 13:15 Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 19 желтоқсан күні таңертең Самара – Шымкент тас жолының Қызылжар ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысының білім басқармасының мәліметінше, жол апатынан екі оқушы мен бір мұғалім көз жұмды.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше,олар республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне бара жатқан.

Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

"Оқиғаның қалған мәліметтері ақпарат болған кезде қосымша хабарланады", - деп жауап берді ведомство өкілдері.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: