Абай облысында қатты жел жолда кетіп бара жатқан жүк көлігін аударып жіберді

Абай облысы, жүк көлігі, жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2023 16:50 Сурет: pixabay
Абай облысындағы тас жолда қатты желдің салдарынан ауыр жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, бұл жайт 19 желтоқсан Омбы – Майқапшағай трассасының 913 шақырымында болған.

Жүргізушіге жолда кетіп бара жатқан полиция қызметкерлері көмекке келген. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі – Ресей Федерациясының азаматы жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермегенін, көлік қатты желдің салдарынан аударылғанын айтқан.

Полицейлер ауыр жүк көлігін жолға шығара алатын тиегішті алу үшін ЖШС-лердің біріне жүгінген. Кюветтен ауыр жүкті шығару операциясын толық сүйемелдей отырып, тәртіп сақшылары көлікті жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: