Қытайдың күмәнді дәрілерін тұтынған шымкенттік әйел жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
Сурет: Zakon.kz
Шымкентте Қытайдың дәрілік өнімдерін тұтынған 54 жастағы тұрғын жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Оған аллергиялық шок диагнозы қойылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
27 қарашада 54 жастағы әйел №2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Әйелдің бүкіл денесінде іріңді бөртпелер пайда болған. Дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, жүрегі айный берген, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Әйел аллергия пайда болып, әбден қозған бесінші күні ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.
"Науқас Қытайдың түрлі дәрілерін ішіп, жақпа майларын қолданған. Ол заттарды тұтынғанына төрт күн болғанда аллергия белгілері байқалған. Ауруханаға жатқызу кезінде әйелдің жағдайы ауыр деп бағаланды. Дене терісінің 90% зақымданған. Бет пен денесі ісіп кеткен", - дейді дәрігер.
Науқас екі апта бойы жансақтау бөлімінде ем қабылдаған. Оның қанына гемофильтрация жасалып, тазартылған. Нәтижесінде әйелдің жағдайы жақсарып, терісі толығымен қалпына келген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript