Жаңалықтар тізбегі
0

Сыр елінің меценаттары 37,5 млрд теңге демеушілік жасады

Сыр елінің меценаттары 37,5 млрд теңге демеушілік жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2023 14:12 Сурет: Қызылорда облысы әкімдігі
Биыл демеушілер есебінен Сыр елінде ірі жобалар жүзеге асуда.

Атап айтқанда, Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалының құрылысы қарқынды жүруде. Жоба құны 20 млрд теңгені құрайды. Оның 15 млрд 700 млн теңгесі Болат Өтемұратов қорының демеушілігімен және жергілікті бюджеттен 4 млрд 300 млн теңге инфрақұрылымды дамытуға және абаттандыруға (жылу, су, электр, және кәріз желілері, телефон, автожол, абаттандыру) бағытталды. Заманауи үлгідегі жаңа нысанның жалпы аумағы - 3,9 гектар. Жаңа терминалда жолаушыларға халықаралық стандартқа сай барлық жағдай қарастырылған. Жаңа терминал келер жылы пайдалануға беріледі.

Одан бөлек, Қызылорда қаласының сол жағалауында 400 балаға арналған физика-математика мектеп-интернатының құрылысы жүруде. Биыл шілде айында іргетасы қаланған дарынды балаларға арналған мектептің 300 орындық жатақханасы да бар. Жоба демеушісі "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры".

Сол жағалаудағы тағы бір оң бастама - биыл іргетасы қаланған

350 орындық "Оқушылар сарайы". Болашақ ұрпақтың игілігіне жарайтын құрылысқа "Қазгермұнай" БК" ЖШС демеушілік көрсетуде. Жобаның құны 2,3 млрд теңгені құрайды. Жаңа нысан білім мен тәрбие ордасына айналып, жеткіншектердің бос уақытын тиімді өткізуге оңтайлы мүмкіндік жасайды.

Бұған қоса, қызылордалық кәсіпкер Асқар Әубәкіровтің демеушілігімен Қызылорда қаласының орталық алаңын абаттандыру жұмыстары басталды. Жоба құны - 1 млрд теңгені құрайды.

Ал жыл соңына дейін музыкалық колледж ғимаратының іргетасы қаланады. "Саутс-Ойл" компаниясының демеушілігімен тұрғызылатын жобаның құны - 4,8 млрд теңге.

"Қазақстан темір жолы" компаниясының қолдауымен және кәсіпкерлердің демеушілігімен құны 577 млн теңгеге Қызылорда қаласындағы темір жол вокзалына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Қызылордада меценат Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен құны 1,7 млрд болатын "Анаға тағзым" орталығы ашылды.

Облыс орталығында 1,1 млрд теңгеге 30-дан астам ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панелдермен жаңартылса, 1 млрд теңгеге 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылды.

Құны 1,6 млрд теңге болатын 80 балалар спорт-ойын алаңдары пайдалануға берілді.

Облыс орталығынан бөлек жанашыр азаматтардың қолдауымен аудандар мен ауылдарда да тұрғындарға қажетті әлеуметтік, мәдени, спорт нысандар, заманауи демалыс саябақтары салынуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: