Жамбыл облысына жарты жылда 301,8 млрд теңге инвестиция тартылды

Жамбыл облысының инвестициялық тартымдылығы артып, ірі жобалар сәтті жүзеге асуда., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2025 14:56 Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысының инвестициялық тартымдылығы артып, ірі жобалар сәтті жүзеге асуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында инвестициялық саясатқа басымдық беріп, өңдеу өнеркәсібіне қаржы тарту, ірі инвесторлармен қатар шағын және орта жобаларды қолдау, олармен жүйелі қарым-қатынас орнату міндеттерін жүктеген болатын.

Өңірде осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 301,8 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 48,1%-ға артты.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл жалпы құны 175,2 млрд теңгені құрайтын 30 жоба жүзеге асырылып, 1 500 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Ал 2023–2024 жылдары құны 289 млрд теңге болатын 48 жоба пайдалануға берілді. Олардың қатарында "Шатыркөл" кен байыту фабрикасы, "KORCEM" цемент зауыты және "Karatau Chemicals" кәсіпорны бар.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін Тараз қаласындағы индустриалды аймақ толық инфрақұрылыммен қамтылып, алдағы жылы шағын өнеркәсіптік аймақ іске қосылады. Мұнда есік шығару, шыны өндіру, тамшылатып суару жүйелері, құрғақ құрылыс қоспалары мен бетон бұйымдарын өндіретін кәсіпорындар ашылады. Сонымен қатар аудандарда Талас, Сарысу-1, Сарысу-2, Меркі және Құлан субаймақтары құрылуда.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қайта жаңғырған "Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы бүгінде ірі жобалар жүзеге асырылып жатқан Орта Азиядағы бірегей өндірістік алаңға айналды. АЭА аумағы 805 гектарға ұлғайып, қосымша 400 гектарлық субаймақ ашылды. Мұнда жел генераторлары зауытының алғашқы кешені іске қосылды. Сондай-ақ жүгеріні терең өңдейтін Орта Азиядағы ең ірі кәсіпорын, жылына 3 млн тонна темір бұйымдарын шығаратын металлургиялық зауыт құрылысы жүріп жатыр.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бұдан өзге, өндірістік кремний, сутегі асқын тотығы, желатин, мототехника және натрий цианидін өндіруге бағытталған жаңа жобалар жүзеге асырылуда.

Ал қараша айында жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын шығара алатын "Еврохим Қаратау" ЖШС-нің ірі өндірісінің алғашқы кезеңі іске қосылады деп күтілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: