Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда жылу құбыры жарылды. Бірнеше ықшам аудан тұрғындары жылусыз қалды

Жылу құбыры жарылды, Ақтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2023 16:07 Сурет: Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтауда 16-шы ықшам аудандағы жылу құбырының жарылуына байланысты қаланың алты ықшам ауданының кейбір үйлеріне жылу және ыстық су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылу желісіндегі ақау шыққан жерде «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінің мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аталған жұмыстарды Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев өз қадағалауына алды.

"Ақтау қаласының тұрғындары бізде 16 ықшам аудандағы жылу желісінен ақауды анықтады. Соған сәйкес, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жылу бойынша 16, 17, 18, 19, 20, 20А ықшам аудандарындағы кейбір үйлерге уақытша шектеу қойылды. "Каспий жылу, су арнасы" мекемесінің мамандары тез арада ақауды жөндеуге кірісіп жатыр", - деді қала әкімі.

Жылу мен ыстық су уақытша шектелген тұрғын үйлер:

  • 16 ықшам аудан: 31,33/3, 33/7,43, 43/1,43/2, 43/3,49,50,55,56,57,59, 60, 61,63,63/1, 63/2,64,67,68,69, 77,79,85, 86,86/1, 89,90, 91,92, 93,94 үй;
  • 17 ықшам аудан: "Оқушылар сарайы", колледж, бизнес орталықтары, 3,4,5,23,24,24/1,25,25а,б., 26,27,28,29,30,43,44,45,46,51,54,55,82,83,84,85,86,90,91,92,93,94,95,96,101,102,103,104,105,107,110,112,113,115/1,217,217/1 үй;
  • 18 ықшам аудан: 3,18,19,20,21,28 үй, "Шахар Плаза", "Империя Тауэрс" ТҮК;
  • 18а ықшам ауданы толығымен;
  • 19 ықшам аудан: 5,13,15-үй;
  • 20 ықшам ауданның 5,7,17 үйі;
  • 20а ықшам аудан - 21 үй.

Айта кетсек, Талғарда су жаңа тұрғын үй кешені шатырының жақтауы бүлініп, саудырап жерге құлаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: