Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: автобус жүргізушісін ұрып талдырған ер адам қамауға алынды

Алматы, автобус жүргізушісі, жол апаты, жүргізушіні ұрған жолаушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2023 12:10 Сурет: Zakon.kz
Алматыда автобус жүргізушісіне тап берген ер адам қамауға алынды. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына 2023 жылғы 25 желтоқсанда қаланың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.

Ресми хабарламадан былай делінген:

"24 желтоқсанда сот шешімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтініші қанағаттандырылып, күдікті А.-ны 2 ай мерзімге қамауға алу санкциясы берілді".

Алматыда үш бірдей адамның ажалына себеп болған жан түршігерлік жол апаты 2023 жылғы 22 желтоқсанда кешкісін болды. Сол күні автобус аялдаманың жанында тұрған бір топ адамды қағып кеткен еді.

Кейін полицейлер автобустың аялдама маңында тұрған адамдарды жапырып өткен сәті түсірілген бейнежазбаны жариялады.

Қайғылы оқиға жүргізуші мен жолаушы арасындағы кикілжің салдарынан туындаған. Ер адам жүргізуші әйелді ұрған, жүргізуші есінен танып, көлікке ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік алдынан шыққан жеңіл көлік пен бірнеше адамды жапырып өтті. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: