Жаңалықтар тізбегі
0

Семей тұрғынынан Сақ дәуірінің құнды әшекей бұйымдары тәркіленді

Семей тұрғынынан Сақ дәуірінің құнды бұйымдары тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2023 10:11 Сурет: Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдарын заңсыз айналымда ұстаған адамды қамады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады. Тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 грамм 4 алтын әшекей тәркіленді.


"Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейін тергеп-тексеріліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сай өзге ақпараттар жарияланбайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: