Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Алматы. заңсыз құрылыс, лицензия, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2023 15:16 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
2023 жылы Алматыда сегіз компания тұрғын үйлер мен ғимараттарды салу кезінде көптеген заң бұзушылыққа жол бергені үшін лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсанда мәлімдеуінше, биыл жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы 1140 бұзушылықты анықтап, жол берілген бұзушылықтарды жоюға 634 ұйғарым берді.

"Сапасыз құрылыс пен құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы және 25 техникалық қадағалау сарапшысы аттестатты 6 ай мерзімге тоқтату түріндегі жауапқа тартылды".Алматы қаласының әкімдігі

ҚР ӘҚБтК-нің 312-бабы 2-бөлігі бойынша 8 компания құрылыс лицензиясынан айырылды:

  • "АРТЕМИДА ЛТД" ЖШС;
  • "ТриА Холдинг" ЖШС;
  • "Ремстрой" ЖШС;
  • "ABM Building" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  • "Debo Stroy" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  • "ЕДІЛ-СТРОЙ СЕРВИС" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  • "Ақ Ордасы корпорациясы" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
  • "DP ENGINEERING GROUP" ЖШС (лицензияның кіші түрі).


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: