Жаңалықтар тізбегі
0

"Қабырғаны ломмен тескен". Алматыда курьер мен құтқарушы жасөспірімді құтқарды

Өрт, орынша баспана, Шаңырақ, Алматы, жасөспірім, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2023 19:13 Сурет: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Алматыда өртеніп жатқан орынша баспанадан (времянка) 13 жасар жасөспірімді курьер мен құтқарушы аман-есен алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖД мәліметінше, 28 желтоқсанда сағат 12:11-де Алатау ауданындағы Шаңырақ-2 ықшам ауданында өрт болды. Жеке тұрғын үйдің аумағындағы уақытша баспана отқа оранды. Жалын жақын маңдағы құрылыс нысандарына ұласуы мүмкін еді. Өрт 26 минут ішінде сөндіріліп, 12:37-де толықтай оқшауланды.

Бақытымызға қарай, өрт сөндірушілер келгенге дейін сол маңда тұратын ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Ұлан Мұхамадиев, сондай-ақ курьер Арман Атзәкір саман қабырғаны ломмен тесіп, қамаулы қалған 2010 жылғы баланы құтқарды. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. 

"Қақпа алдынан өртті көрдім. Телефон ұстаған бір бала қасымнан жүгіріп өтіп бара жатты, ол досының өртенген үйде екенін айтты. Үй иесі қолыма лом берді. Түтін будақтап жатты. Жарақат алмас үшін баладан ары таман баруын, жерге жатуын өтіндім, содан кейін уақытша баспананың қабырғаны тесіп, оны сыртқа алып шықтым", – деді Ұлан Мұхамадиев.

Өрт, Алматы, Шаңырақ, орынша баспана, жасөспірім, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2023 19:13

Сурет: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі

Белгілі болғандай, екі бөлмелі орынша баспанада ағайынды екі бала болған, ересектеуі өртенген үйден жүгіріп шыққанда кішісі іште қалып кеткенін білмеген. Анасы жұмыста болған. 

Ұлан Мұхамадиевтің ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушысы болып жұмыс істегеніне үш жылға жуық уақыт болған. Ол әртүрлі ТЖ зардаптарын жоюға қатысқан. Ер адам төрт бала тәрбиелеп отырған өнегелі әке.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: