"Түк көрінбейді". Полицей жолда көлігімен адасып кеткен ерлі-зайыптыны қалай тапқанын айтты
Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында көлікпен жолға шыққан ерлі-зайыпты боранда адасып кеткен. Оларды 3 сағаттан кейін полицейлер аман-есен тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"29 желтоқсанда жұбайымыз екеуіміз далада адасып кеттік. Қатты боранда жол табу қиын болды. "112" қызметіне хабарластық, олар бізді жергілікті полициямен байланыстырды. Учаскелік инспектор бізге патрульдік көлігімен келе жатқанын айтты. Ақ түтек боранда ол бізді тауып келіп, тас жолға шығуға көмектесті", – деп жазды Щучинск қаласының тұрғыны Валентина Прокопенко Instagram-дағы парақшасында алғыс білдіре отырып.
"Тауып келді" деген сөз оңай айтылғанымен, бұл арада жағдай қиын болған. Полицей қолайсыз ауа райында адасқандарды іздеп, 3 сағат жүрген.
"Қатты бораннан ештеңе көре алмадым. Тіпті, өз көлігімнің салоннан капотын көре алмадым. Бір уақытта маған қызметтік көлікпен адасқан көлікке соқтығыссам не болады деген ой келді. Содан жаяу іздеу керек деп шештім. Айнала ну дала, қатты жел болды, шынымды айтсам, қай жаққа жүру керегін түсінбей, басында абдырап қалдым", - дейді Біржан сал ауданының ЖПҚБ учаскелік инспекторы Абылай Бекмағамбетов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript