Атыраулық полицейлер мұз ойығына түсіп кеткен жасөспірімді құтқарды
Сурет: Zakon.kz
Атырау қаласында орталыққа жақын Жайық жағалауында қыз баланың мұз ойылған жерінен суға түсіп кеткені жөнінде хабарлама түскен.
Хабарлама бойынша Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері және Әкімшілік полиция бөлімі инспекторы дереу оқиға орнына жеткен. Полицейлер мұз ойығынан басы ғана көрінген адамның әйел екенін дауысынан айырған. Құтқаруға бірден кіріскен.
Жанарыс Ғапу беліне арқан жіп байлап мұз үстімен жасөспірімге қарай беттеген. Әріптесі Мерей Құрманғазы оған көмектесу үшін жіп бойымен бірге жүрген. Өзге полицейлер жағада Жанарыс Ғапуды суға батып бара жатқан қыз баламен бірге тартып шығаруға дайын тұрған.
Полицейлердің қырағылығы мен ептілігі арқасында жасөспірім жағаға шығарылып, жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
"Денесі қатты суықтаған жасөспірім мән-жайды түсіндіре алмады. Жедел-тергеу тобы тиісті шараларды бастап кетті", - делінген Polisia.kz хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript