Жаңалықтар тізбегі
0

"Шырша ұрлаған": Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға тағы бір рет ескерту жасады

"Шырша ұрлаған": Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға тағы бір рет ескерту жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2024 19:59 Сурет: Zakon.kz
3 қаңтарда Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі "Шырша" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңсыз ағаш кесіп, дайындауды анықтау, қылқан жапырақты ағаштарды тасымалдау, оны сату фактілерінің жолын кесу мақсатында жаңа жыл қарсаңында "Шырша" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Базарларда және басқа жерлерде 724 жедел топ құрылды, оның ішінде 434-і табиғатты қорғау органдарымен бірлесіп құрылған еді.

Осындай топтардың көмегімен 2,6 мыңнан астам рейд жүргізілді. Көрші мемлекеттердің шекаралас облыстарының аумақтарынан әкелінген қылқан жапырақты ағаштарды белгіленбеген жерлерде, тиісті құжаттарсыз сатуға тыйым салу бағытында елдімекендерде тексеріс жүргізілді.

Мысалы, "Шырша" операциясы барысында 700-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 12-сі заңсыз кесу фактісі, 425-і белгіленбеген жерлерде сату, 302-сі жасыл желектерді ұстау және қорғау ережелерін бұзу. 4 қылмыстық іс қозғалды.

Таразда шыршаны тікелей жеке сектор аумағынан ұрлап кеткен ер адам ұсталды. Бұл туралы полицияға үй иесінің өзі хабарлады. Қаскүнем түн жамылып биіктігі 2 метрден асатын жаңа жылдық мерекенің көшетін еш саспастан ұрлап әкетіп, 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.

Ұсталған адамның айтуынша, ол олжасын Жаңа жылды тойлау үшін үйіне әкелген. Осы факті бойынша "Ұрлық" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. ІІМ табиғатқа ұқыпты қарауға және табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға шақырды.

"Егер заңнаманы бұзу фактілері белгілі болса, "102" пультіне дереу хабарлаңыз. Мүмкін болса, құқық бұзушылықты фото немесе видеоға түсіріп, жолдаңыз", – делінген ведомство хабарламасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: