Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2024 19:10 Сурет: Zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрлігі дауылды ескертуге байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазгидромет мәліметі бойынша еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды Ауа-райының нашарлауына байланысты 9 өңірде көліктің барлық түрлері үшін республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда қозғалыс тоқтатылды.

Осығанбайланысты ТЖМ азаматтардан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрады.


"Ұзақ сапардан және алыс жерге жаяу жүруден бас тартыңыз. Әсіресе түнде және дауылды ауа-райы жағдайында. Көлік қозғалысына қойылатын шектеу және ауа райы жағдайы туралы ақпаратпен уақтылы танысып отырыңыз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз", - делінген министрлік хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: