Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кетті

Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2024 16:21 Сурет: видеодан скриншот
Үржар ауданында, Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде қатты желдің салдарынан коммерциялық жолаушылар автобусының 31 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жыраға түсіп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция автобустың Қабанбай батыр ауылынан Алматыға бағыт алғанын хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам ауруханаға түсті. Қазір автобусты жырадан шығару жағы қарастырылып жатыр.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: