Қарағанды облысында пойыз жол бұрушыны қағып кетті
Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысында жол бұрушы пойыз доңғалақтарының астында қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Шұбарқұл Көмір" АҚ Instagram-дағы парақшасында 15 қаңтар ішкі теміржол жолдарында қызметкердің өліміне себеп болған апат туралы хабарлады.
"Жұмыс кезінде стансаның кезекшісі, жол бұрушыны жүріп келе жатқан пойыз қағып кетті. "Шұбаркөл көмір" мекемесінің ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтып, қажет көмекті көрсетеді", - делінген хабарламада.
Оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу басталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript