Алматылық азамат туыстарының үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған
Сурет: Zakon.kz
26 жастағы ер адам өзім тұрамын деген желеумен ағасының үйін жалға алып, синтетикалық затты шығаратын есірткі зертханасын ұйымдастырған.
"Патрульдік полиция экипажы есірткі сатушыны анықтады және ұстады. 26 жастағы Д.есімді азамат есірткі бетбелгісін қою кезінде тәртіп сақшыларының назарына ілікті. Жедел тергеу тобының тінтуі кезінде оның сөмкесінен салмағы 1,5 келіге жуық "мефедрон" есірткісі табылды. Күдікті есірткіні зертханада өзі дайындайтынын мойындады. Д.есімді азаматтың бетбелгілерді де өзі қоятындығы белгілі болды. Күдіктіге осы жұмысы үшін "жұмыс беруші" жомарт сыйақы уәде етті. Криптовалютамен төлеген. Дәл осы зертханада шыны колбалар, магниттік араластырғыштар, электронды таразылар, полиэтилен канистрлер, шыны және пластмасса табақтар, кептіргіштер, құрғақ ұнтақтар және басқа да жабдықтар табылып, тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 2 келіден асады", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
Күдікті қамауға алынды. Есірткі бизнесінің ықтимал сыбайластары анықталуда. ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript