Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында мектеп оқушылары мен студенттер уақытша қашықтан оқиды

Ақтөбе облысында мектеп оқушылары мен студенттер уақытша қашықтан оқиды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2024 21:56 Сурет: unsplash
Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыста дауылды ескерту жарияланды. "Қазгидромет" РМК облыстық филиалының мәліметінше, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні - 23-28 м/с жетеді.

Облыстың солтүстігінде 30 м/с және одан да жоғары жылдамдықпен күшті жел байқалады. Қатты боран салдарынан облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеулер қойылды. Қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктердің жүруіне тыйым салынды. Мектептер қашықтан оқытуға көшті.

Сонымен қатар кейбір елді мекендерде, соның ішінде Ақтөбеде электр желілерінің үзілді, кейбір аудандарда жарық сөніп, су беруде апаттық жағдайлар болды.

"Облыс тұрғындары мен қонақтарынан туындауы мүмкін келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, оның салдарын жою үшін барлық коммуналдық қызмет күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Егер сіздерде жарық сөніп, судың тоқтауына қатысты мәселелер, басқа сұрақтарыңыз немесе қосымша ақпарат қажет болса, 109 телефоны бойынша бірыңғай байланыс орталығына хабарласыңыздар. Жаңалықтарды тек сенімді және ресми ақпарат көздерінен алыңыздар". Ақтөбе облысының әкімдігі

Синоптиктердің болжауынша, желді ауа райы 8 және 9 ақпанда да жалғасады. 8 ақпанда күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, боран болады. 9 ақпанда желдің жылдамдығы 9-14м/с, екпіні 15-20м/с, облыстың солтүстігінде кей жерлерде 25м/с күшейеді.


"Қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін ескертеміз. Ғимараттар, құрылыстар, биік бағаналар, ағаштар, билбордтар және электр сымдарынан абай болу керек. Сондай-ақ елді мекендерден тыс жолға шығудан бас тартуды ұсынамыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық көрсетіңіздер, қауіпсіздікті сақтайық!" - деп кеңес берді әкімдік.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: